Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысы Арыстағы сегіз көшені қалпына келтіріп жатыр

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2019 02:59 Zakon.kz
Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына Арыс қаласының жұмыссыз тұрғындары тартылады.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Трұмов Серікбай Өтелгенұлы мәлімдеді.

Арыстағы тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары өңіріміздің 8 ірі құрылыс компаниясына жүктеліп отыр. Олар: "Оңдасын Строй", "Ақ жол құрылыс", "Альянс ЛТД", "Актау БС Строй", "АС құрылыс", "Айком ЛТД", "Шебер Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына Арыс қаласының жұмыссыз тұрғындары тартылады.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқын алуда. Қажетті техникамен қамтамасыз етіліп, жұмысшылар құрылысты бастап кеткен. Нақтырақ айтқанда, 5 көшенің 12 үйін жөндеу және 1 тұрғын үйді қайта салу жұмыстары басталды. Әзірге жұмылдырылған жұмысшылар саны 50 адамды құрап отыр және адамдар саны күн сайын қажетті көлемге дейін көбейе бермек. Кеше, 2-шілде күні қажетті материалдар, соның ішінде 12 000 м² шатыр жабындысы, 140 м³ ағаш және басқа да бірінші кезекте шатырларды жөндейтін құрылыс жабдықтары алынған. Сонымен қатар, 5 көшеде орналасқан үйлердің терезелерінің өлшемдері алынып, дайындалып жатыр және бүгіннен бастап 2 көшенің тұрғындары үйлеріне орнатылады.

- Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша Ел Президенті Қ.Тоқаев үкіметке және облыс әкімдеріне арнайы тапсырма берген болатын. Маңғыстау облысы номері 4-ші секторға жауапты ретінде бекітілген. Бұл аумақта 8 көше, 331 үй орналасқан. Ал жөндеуге жататын үйлердің саны – 275, жөндеуге келмейтін, яғни бұзып, жаңа үй салуды қажет ететін үйлер саны – 3. Бұл үйлердің барлығы да жеке тұрғын үйлер. Бұл жұмыстарға жауапты ретінде облыс әкімінің орынбасары Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы бекітілді. Өңірден аттанған 9 эксперттік мекеменің 18 өкілі зардап шеккен тұрғын үйлердің толықтай дефектілік актілерін әзірледі. Жөндеу жұмыстары тамыз айының біріне дейін аяқталады деп жоспарлануда, - деді өңір басшысы С.Трұмов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: