Жаңалықтар тізбегі
0

Димаштың арқасында Ақтөбеде туризм қарқынды дамып келеді

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2019 15:49 Хабар 24
Жалпы облыстың ішкі туризмін дамыту мақсатында жыл сайын 10 млн теңге бөлінеді.

Ақтөбе облысында Қарғалы су қоймасында туристік аймақ салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Хабар-24".

Бұл аумақ саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясындағы өңірлік маңызы бар елдегі 50 нысанның қатарына кіреді. Жалпы облыстың ішкі туризмін дамыту мақсатында жыл сайын 10 млн теңге бөлінеді. Былтырдан бері тарихи-мәдени нысандарды қамтитын бағыттар жасақталып, алты ауданда меймандарды күтетін қонақжайлар пайда болды.

"Бұдан бөлек, әйгілі әнші Димаш атындағы турбағыт құрылып, оның өнеріне тәнті болған Еуропа мен Азия елдерінің азаматтары да келіп тұрады. Өңірдің туристік картасы да жасақталған. Оның аясында меймандар қайда барғысы келетіні туралы өтініштерін қалдыра алады. Әрі қарай туроператорлар қызмет көрсетуге дайын. Биылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша аймаққа келуші туристердің саны 13 процентке өскен", - дейді телеарна тілшісі.

Әуез Арызғұлов, облыстық кәсіпкерлік басқармасы туризм бөлімінің бас маманы:

– Көбінесе туристер баратын орындардың бірі – Қобыланды батыр мемориалдық кешені, Абат-байтақ кесенесі, Есет батыр кесенесі. Оларға жылына 25 мыңдай адам барады. Туристерге қолайлы жағдай жасау үшін облыс аудандарында қонақ үйлер ашылған болатын. Олар аталған тарихи-мәдени объектілерінің жанында құрылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: