Атырау облысы Индер кентінде тасқын су шыққан жерде жою жұмыстары жалғасуда
Ведомства әлеуметтік желіде судың бөгетті жарып өтуі туралы бұрын тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта суды қауіпсіз аймаққа айдау және бөгет тұрғызу жұмыстары қатар жүруде. Төгу жұмыстарына 30 бірлік техника, 20 су айдау құрылғысы және 300-ден астам адам (ТЖД қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар) жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта Индербор кентіндегі Жайық өзенінің деңгейі - 1036 см, қауіпті деңгей - 845 см. Индер ауданы бойынша барлығы 30 шақырым бөгеттер салынды.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін кенттің бір бөлігі электр қуатынан ажыратылған.
"Қазіргі уақытта төгілу салдарын жою мақсатында Жайық өзеніне су айдау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, апатты учаскенің айналасында үш деңгейлі бөгет салынуда, жағдай бақылауда", - деді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов.
Аудан басшысының айтуынша, Индербор ауылының бір бөлігі уақытша жарықсыз қалады. Сондай-ақ, резервтік бөгет салу жұмыстары жүргізілуде.
Оқиға орнында Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов және ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов бар. Ауданның арнайы техникасы жұмылдырылып, облыс орталығынан қосымша техника тартылды.
Айта кетейік, 12 мамырдағы су тасқынының жағдай бойынша 5 мыңнан астам адам, оның ішінде 2 мыңнан астам бала эвакуация пунктілерінде отыр.