Атырау облысында су тасқыны кезінде өшірілген "Сергек" камералары қайта іске қосылуда

Сергек камералары, Атырау облысы, су тасқыны, қайта қосу, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 21:44 Сурет: Zakon.kz
10 маусымнан бастап жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Жылыой ауданы аумағында "Сергек", "Аркан", "Интегра" құрылғылары толықтай іске қосылды. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске сала кетсек, Атырау облысындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай бойынша жедел штабтың шешімімен, Құлсары қаласында тасқын кезінде 4 сәуірден бастап «Сергек» бейнекамералары автоматты түрде өшірілген болатын.


"Қазіргі уақытта Жылыойда жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнекамералар саны – 800", делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: