Даниал Ахметовтың қарындасын біреу ұрлап кетпек болды

pushkinska.net pushkinska.net
Ол қылмыскерлердің қолынан құтылып шыға алды.

Даниал Ахметовтың қарындасы Гүлфаз Аубанованы ұрлап кету әрекеті жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Павлодарда болған. Полиция бұл фактіні растады.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 18 қыркүйекте болған.

- Полицияға 1958 жылы туған А. есімді азаматша хабарласып, 2019 жылдың 18 қыркүйегінде, сағат 07.40 шамасында Павлодардағы Есеналиев көшесіндегі №16 үйдің жанында тұрған белгісіз біреудің өзіне қарсы зорлық-зомбылық жасағанын айтты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы (Адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау үшін тергеу шараларын жүргізуде, деп хабарлады полиция.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/thumbs/1568953850_1568950371_snimok11.png

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қарындасы әр жылдары Павлодар облыстық ауруханасы бас дәрігерінің акушерлік көмек, балалар жөніндегі орынбасары, Павлодардағы "Данель" медициналық мекемесінің бас дәрігері және директоры, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы (департамент директоры) қызметтерін атқарған.

Соңғы лауазымы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз