Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда бейтаныс адам төрт жастағы баланы анасының көзінше ұрлап кетпек болды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2017 21:50 Zakon.kz
Күдікті бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотты болған.
Оралда "бала ұрлады" деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисенов. Бұл туралы Today.kz "Интерфакс-Қазақстан"-ға сілтеме жасап жазады.

"21 қарашада Көкшетау көшесінде жас ана балаларымен бірге далада серуендеп жүрген. Белгісіз ер адам оның баласын көтеріп, қаша жөнелген. Оның артынан адамдар жүгірген соң, ол баланы тастай сала жасырынып қалған", - деді сәрсенбі күні журналистерге Бисенов.

Оның сөзінше, оқиға орнына жақын маңдағы патрульдер жетіп, ер адамды құрықтаған. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау абақтысында отыр.

Анықталғандай, күдікті бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотты болған. Ұстау кезінде оның мас болғаны әрі есіркі қолданғаны белгілі болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Адам ұрлау " бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: today.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: