Аю дегендері ит болып шықты

Сакен Дилдахмет/Facebook Сакен Дилдахмет/Facebook
Иттің өлексесі өртеліп, ол жатқан жер зарарсыздандырылды.

Әлеуметтік желіде елорданың қақ ортасына біреу өлі аюды лақтырып кеткен деген мағынада видео тарап жатыр. Ресми органдағылар елдің аю деп жүргені алабай иттің өлексесі екенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде пайда болған видео астында: "Міне, осындай күнге де жеттік, елорданың қақ ортасына өлексені де лақтырып кете береді: көріңіздер, түк түсініксіз, аюдың өлексесі ме мынау, әлде басқа бірдеме ме" делінген жазба бар.

Ал видео сыртындағы дауыс құрттап кеткен аюдың өлексесі автотұрақтардың маңына тасталғанын айтады.

Құзырлы министрлікке қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет бұл жайтқа қатысты мынаны айтты:

- 2019 жылдың 25 қыркүйегінде әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының «Южный рассвет» автотұрақ кооперативі маңында аюдың өлексесі жатыр деген ақпарат тарады. Бұл ақпараттан соң "Астана ветсервис" мамандары көрсетілген мекен-жайға барды. Тексеру кезінде өлексе "Алабай" ит екені анықталды.

Иттің өлексесі өртеліп, ол жатқан жер зарарсыздандырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз