Ақмола облысында кішкентай баланы ит талап өлтірді

ATMHunt.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2018 15:10 ATMHunt.ru
Ит баланың отбасына тиесілі, ол өз ауласында жеткіншекке тап берген.

Ақмола облысында Кавказ овчаркасы кішкентай баланы талап өлтірді, қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Целиноград АІІБ-не 1 наурыз күні сағат 15:00-де Қажымұқан ауылынан қоңырау түскен.

"Өз үйінің ауласында алты жастағы ер баланы ит талап тастапты. Ит баланың отбасына тиесілі екені анықталды, жеткіншек алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды", — деп мәлімет берді ішкі істер департаменті.

Баланың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: