Жаңалықтар тізбегі
0

Бұрын қазақта "президент" болмаған

yvision.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2019 18:44 yvision.kz
Тəуелсіздікке қолымыз жетіп, өзгеден қалмай біз де тұңғыш президентті болдық, сендік, артынан ердік.

"Қазір қоғамда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қандай мəлімдеме жасаса да жақтырмайтындар баршылық", деп пайымдайды желіде Ерлан Шаяхметұлы.

Пост авторының ойын таңдасақ, былай дейді ол:

"Бұл бəлкім "президент" сөзіне деген жек көрініштілік те болар.
Бірақ оған халық кінəлі емес.
Себебі неде?
Бұрын қазақта президент болмады, тəуелсіздікке қолымыз жетіп, өзгеден қалмай біз де тұңғыш президентті болдық, сендік, артынан ердік.
Отыз жылда президент туралы бір ғана түсінік қалыптасты, дұрысы бір адам қалыптастырды.
"Президент" - жемқорлықты гүлдендіреді екен.
"Президент" - жалғандықты түрлендіреді екен.
"Президент" - шындықты айтқанды қамайды екен.
"Президент" - халқының саны артқанын қаламайды екен.
"Президент" - ...

Тізе берсе таусылмайтын тұнып тұрған негатив.

Осыдан соң президентке сенім жоғалуы заңды ғой, ендігі президентке абырой жинау оңай болмайды.
Ал "президент" сөзінің құнын кетірген тұңғышқа бəрібір, "елбасы" деген атағы бар... Жаратқан иеміз елімізге лайықты ПРЕЗИДЕНТТІ нəсіп еткей!" - деген жақсы тілекпен аяқталады бұл жазба.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: