Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әкіреңдеймін деп Нұр-Сұлтандағы полиция бастығы қызметінен айырылды

Нұр-Сұлтан полиция департаменетінің жеке қауіпсіздік бөлімі ішкі тергеу жүргізді, нәтижесінде Асау Б.Ж. қатысты мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзу фактілері анықталды.

Сурет : mediaovd.kz8 Қазан 2019, 10:34

Елордада Алматы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Асау қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакцияға қоластындағыларына әкіреңдеп, дікіңдеп, балағаттаған бастықтың аудиожазбасы келіп түсті.

"Неліктен бәрін таратып жібергенсіңдер?! Менен неге сұрамайсыңдар?! Мен не, итпін бе сендерге?!" деп басталатын айғай бастық бұйрығын орындаумен аяқталады. Ауданның полиция қызметкерлері дабыл бойынша қайта жұмыс орнына шақыртылады.

- 2019 жылғы 24 маусымда сағат 23.50-де Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Асау Бауыржан Жақсылықұлы қол астындағыларын балағаттап, қайта жұмысқа шақырып алды. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметкер этикасын сақтамайды, қол астындағыларының намысына үнемі тиеді. Міне, осыдан кейін мынандай сұрақ туындайды: бұл қызметкерлерден енді қалай басқа азаматтармен адам сияқты сөйлесіп, қызмет көрсетуді талап етуге болады деген, - делінген видео сыртындағы сөзде.

Zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне және ҚР Ішкі істер министрлігіне осы жайтқа қатысты түсініктеме беруді сұрады.

- Нұр-Сұлтан полиция департаменетінің жеке қауіпсіздік бөлімі ішкі тергеу жүргізді, нәтижесінде Асау Б.Ж. қатысты мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзу фактілері анықталды. 2019 жылдың 24 маусымында болған оқиға оған дәлел болды. Тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес, Нұр-Сұлтан ДП басшысының бұйрығымен полиция майоры Асау Б.Ж. қызметінен босатылды, - делінеді ҚР Ішкі істер министрлігінің редакция жолдаған сауалға берген ресми жауабында.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер