ШҚО тұрғыны күйеуінің өліміне полиция қызметкерлерінің қатысы бар деп санайды
polisia.kz
Ішкі қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
Семей қаласының тұрғыны Ольга Карашева күйеуінің өліміне полиция қызеткерлерінің қатысы бар деп санайды. Ішкі қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Arnapress.kz 2020 жылдың қараша айында тұрғын үйлердің бірінің ауласынан Карашеваның күйеуінің денесі табылғанын хабарлады. Әйелдің айтуынша, оны әбден таяқпен таяқтаған. Ол тәртіп сақшыларының күйеуінің өліміне қатысы бар деп күдіктенеді.
Шығыс Қазақстан облыстық полициясы Карашеваның күйеуінің өліміне қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Іс бойынша қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Сонымен бірге ШҚО ПД ішкі қауіпсіздік басқармасы арызданушының уәждері бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты тексеруді бастады, - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript