Қостанайда жол апатынан полиция қызметкері қайтыс болды

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 17:49 pxhere.com
Қазіргі уақытта Қостанай облыстық ішкі қауіпсіздік дирекциясы апатқа қатысты қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

Қостанай облысында полиция қызметкері жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz аймақтағы полиция департаментіне сілтеме жасап.

- 18 желтоқсанда сағат 10:28 шамасында Әулиекөл ауданының полиция бөлімшесінің кезекші бөлімінің "102" телефонына "Қостанай-Әулиекөл-Сурган" тасжолында Октябрьское ауылына бұрылыста жүк көлігі мен "Audi" соқтығысқаны, зардап шеккендер бар екендігі туралы шұғыл хабарлама келіп түсті, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы жол апаты кезінде бір көліктің жолаушысы - Әулиекөл полиция бөлімінің 32 жастағы қызметкері қайтыс болғанын анықтады. Оқиға орнын жіті тексерген мамандар шетелдік көліктің жүргізушісі ауа-райының бұзылуына байланысты рөлді басқара алмай, қарсы беттегі жолға ұшып кеткенін айтты.

Тергеуші қызметтік міндетін атқарып, бір іс бойынша сараптама тағайындау үшін Қостанайға бара жатқан болып шықты.

Полицияның мәліметінше, апат кезінде "Audi" көлігінің 29 жастағы жүргізушісі де зардап шегіп, қатты жарақат алған, сараптама оның алкоголь тұтынбағанын көрсетті. Оның жағдайы ауыр. 57 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта Қостанай облыстық ішкі қауіпсіздік дирекциясы апатқа қатысты қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: