Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарағанды облысында 200 мың теңге пара алған шенеунік сотталды

Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сурет : zakon.kz8 Қазан 2019, 11:06

Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары – жер комиссиясының төрағасы Б.Қ. Серіковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген. Ағымдағы жылдың 7 қазанында Жаңаарқа аудандық сотының үкімімен Б.Қ. Серіков пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды" - делінеді хабарламада.

Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер