Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында Мәдениет үйі басшысы мен есепшісі 722 мың теңге жымқырды

zakon.kz zakon.kz
Сотталушылар мемлекеттік мекемеде лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Қостанай облысындағы Е.Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйінің басшысы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Е.Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйі" ММ-нің басшысы Жандыбаева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Мощенкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар 722 000 теңге сомасына костюмдерді тігу бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін әзірлеп, оған қол қою жолымен қызметтік жалғандық және бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Таранов аудандық сотының үкімімен Жандыбаева Б.К. кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленбестен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды; Мощенко В.А. мүлкін тәркілеусіз 2 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу қою жазасына кесілді.

Сотталушылар мемлекеттік мекемеде лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз