Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында алаяқ тергеуші мен әскери қызметкер сотталды

kaznews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2019 21:41 kaznews.kz
Олар өмір бойына мемлекеттік қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген Ақмола облысының экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі, 5-сатыдағы әскери-аға лейтенант К.Көбегеневке, №82796 әскери бөлімінің 2-ші гаубицалық артиллериялық дивизиясының командирі, майор Р.Бастыбаев пен Б. Ақдәулетовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Олар осы әскери бөлімнің капитаны, 8-ші ауыр гаубицалық артиллериялық батареясының командирі Мұратұлы Б.-дан алдын-ала келісілген 9 миллион 106 мың теңгенің 1 миллион 700 мың теңгесін алаяқтық жолмен алған. Олар оған қылмыстық істің оң шешілуіне көмектесеміз деп сендірген. Сонымен қатар, азамат Ақдәулетов билік өкілінің (прокуратура қызметкері) атағын заңсыз иемдену сынды қылмысқа байланысы барлығы анықталды, деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер.

30 қазанда Алматы гарнизоны әскери соты Көбегеневке 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесіп, біліктілік дәрежесінен айырды.

Осындай үкіммен Бастыбаев 5 жылға сотталып, майор әскери атағынан айырылды. Ақдәулетовке 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Олар өмір бойына мемлекеттік қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: