Жаңалықтар тізбегі
0

Депутаттар Әбішевтің ісі әділ қаралуын сұрады

baribar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2019 22:01 baribar.kz
Бүгінгі таңда Қызылорда Қазақстандағы халқының 85-90 пайызы таза ауыз сумен қамтылған бірден бір облыс.

ҚР Парламентінің депутаттары мен Қызылорда облыстық мәслихатының бір топ депутаты Ислам Әбішевтің ісі бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хатын жолдады.

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біздің бүгінгі Сізге хабардар етіп отырған азамат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстар комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әлмаханұлы Әбішев.

Су ресурстар комитеті лауазымда қызмет етіп тұрған кезде Қызылорда облысының су шаруашылығының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқандығы. Өзіңізге белгілі Сыр өңірінің егістік жерлерінің 98 пайызы суармалы, сондықтан Сырдария өзенінің суына тікелей тәуелдіміз. Бұл мәселені Ислам Әлмаханұлы көрші елдермен арадағы ағын су мәселесін уақтылы шешілуін қамтамасыз етіп отырды. Сыр елінің егіншілерінің егістектерін жаз айларында судан қалдырмау және қыс айларында Сырдария өзеніне түсетін мол судан төтенше жағдайды болдырмау мақсатында "Көксарай" су реттегішінің салынуына зор үлес қосты. Сондай-ақ, жаз айларында өзеендегі су деңгейінің аз болуына байланысты Жаңақорған және Шиелі аудандарының тұсынан Сырдария өзенінің бойына су тіреуіш плотиналарының салынуын қамтамасыз етті.

Облыстағы көлдер жүйесіне баратын су жолдарының тазалануына, экологиялық жағдайдың жақсаруына, көлдер жүйесінде балық шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосты.

Елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше түтікті құдықтар қазылып, елдің алғысына бөлене білді. Арал, Қазалы аудандарында "Сарыбұлақ" жерасты, Жаңақорған, Шиелі аудандарында "Жиелісай" жерасты таза ауыз сумен қамтамасыз етуде қажырлы еңбек етті.

Бүгінгі таңда Қызылорда Қазақстандағы халқының 85-90 пайызы таза ауыз сумен қамтылған бірден бір облыс. Сондықтан Сыр елі халқының өкілдерінің атынан Ислам Әлмаханұлы Әбішевтің жасаған нәтижелі еңбегін бағалай отырып, бүгінгі И.Ә.Әбішевтің басына түсіп жатқан қолайсыз жағдайдың әділ шешім қабылдануын назарыңызға алуыңызды сұраймыз.

ҚР Парламентінің депутаттары:

Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы, ҚР Парламенті Сенатының екі шақырылымдағы депутаты, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері, қоғам қайраткері.

Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, "Құрмет" орденінің иегері.

Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің 4-шақырылымының депутаты.

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары:

Әбдікәрімов Шәкизада Өтетілеуұлы,

Әлімқұлов Темірхан Мәлікұлы,

Әмитов Нұриддин Егембердіұлы,

Жансақалов Әбдімәжит Әлмағанбетұлы,

Кенжебаев Темірхан Бердәліұлы,

Құттықожаев Ибайдулла Дүйсенбайұлы,

Махамбетов Асқар Аралбайұлы,

Махашов Бақдәулет Еркінбекұлы,

Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы,

Оңғарбаев Имамадин,

Шағыртаев Имамзада Қуанышбайлы,

Шаутай Тілеуберген Құдайбергенұлы,

Ысқақова Райхан Құсайынқызы,

Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: