Жаңалықтар тізбегі
0

Ислам Әбішевке Жамбыл облысының ардагерлері араша түсті

qazdauiri.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 16:42 qazdauiri.kz
Кезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ақиқатқа көз жеткізіп, Әбішевті арашалап қалғаны белгілі.

Жамбыл облысының бір топ мәслихат депутаттары мен ардагерлері пара алды деген күдікпен сотқа тартылып жатқан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевтің ісіне байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады.

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Жамбыл облысының бір топ мәслихат депутаттары мен ардагерлері, Сізге хат жазудағы мақсатымыз – ҚР Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әлмаханұлы Әбішевтің біздің өңірде су шаруашылығы нысандарының басым бөлігі кеңестік кезеңде салынып, ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмегендіктен, нақты қолданыстағы жүйелер іс жүзінде өз міндетін толыққанды атқара алмай, ел егін шаруашылығында үлкен нәтижеге қол жеткізе алмағанын сараптамадан өткізіп, 2017-2021 жылдарға арналған ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын жасақтауда үлкен үлес қосқанын жеткізгеніміз жөн.

Осы аталған бағдарлама Ислам Әлмаханұлының Су ресурстары комитеті төрағасы қызметін атқарып тұрған тұста ол кісінің орасан зор еңбегінің, байқампаздығының, жаңашылдығының және өз жұмысын облыс көлеміндегі барша су жүйесі нысандарын аралап көру іскерлігінің арқасында жасақталды.

Бүгінгі күнде, бағдарлама аясында 436 нысанды қайта қалпына келтіру, 86,2 мың игерлмеген суармалы жерді іске қосу жоспарланды. Одан басқа облысымызда жаңа 3 су қоймасын – "Ырғайты", "Қалғұтты" және "Ақмола" су қоймаларын салу енді.

Апатты жағдайдағы 3 су қоймасын қалпына келтіру, (ирригация және дренаж жүйелерін жетілдірудің екінші фазасы, үстіміздегі жылы Қапал каналдарын қалпына келтіру жұмыстары құрлысы басталды.

Қорыта келе, Ислам Әбішевтің бастамасымен бастау тапқан мемлекеттік бағдарлама толығымен іске асқан жағдайда Жамбыл облысына 70 млрд.теңге инвестиция кіреді, жылдық ішкі өнім 90 млрд.теңгеге өседі, су шығыны 2-2,5 есеге азаяды, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі 70 пайыздан жоғары артады.

Аса құрметті Президент мырза!

Кезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ақиқатқа көз жеткізіп, Әбішевті арашалап қалғаны белгілі. Ислам Әбішевтің қызмет барысында жіберген кемшіліктеріне кеңшілік жасап, осы аталған еңбектерін ескере отырып, Сіздің де араша түсуіңізді сұранған болар едік.

Жамбыл облысы мәслихатының депутаттары:

Б.Алдашов, Г.Тілеубердиева, Б.Қарашолақов, Г.Умаров, Д.Айтуленов, А.Нұржанов, Ж.Айтишев, А.Райқұлов, М.Ескендіров, А.Еділбаев, Г.Нұрымова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: