Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мырзахметов кәсіпкерлермен кездесді

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 18:30 пресс-служба
Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысында 30 000 га жерді игеріп, айналымға енгізу жоспарланған.

Жамбыл облысы Шу ауданында тәулігіне 8 мың тонна қызылша өндейтін қант зауытының құрылыстары басталмақ.

Аталмыш кәсіпорын "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағында жүргізілмек. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың аталмыш экономикалық аймақта жоба жүргізуге ниетті кәсіпкерлермен кездесуінде айтылды. Басқосуда аймақ басшысы қант зауытының құрылысын уақыт созбай бастауды тапсырды. Өз кезегінде жоба иелері зауыттың іргетасын қалауға осы жылдың қазан айынан кірісетіндеріне сендірді.

Қазіргі уақытта жобаны "Қызылша" ЖШС компаниясы жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуде. Зауыт қант қызылшасынан жылына 150 000 тонна қант өндіруге қуатты болмақ. Жоба құны 200 миллион евро болатын кәсіпорын 2022 жылы толығымен іске қосылады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарына 300-ге жуық адам тартылмақ.
Жобаның мақсаты - тұрақты шикізат базасын құру және қант өндірісінде озық технологияларды қолдану арқылы ел үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бірі - қанттың тұрақты және сапалы өндірісін қамтамасыз ету.

Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін өңірде 30 000 гектар жерді игеріп, айналымға енгізу жоспарланған. Қазіргі уақытта қант қызылшасын жеке және бірлесіп өсіру мақсатында жергілікті фермерлермен ынтымақтастық бойынша белсенді шаралар атқарылуда.

Сондай-ақ, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары аяқталды, мемлекеттік сараптамаға тапсыру 2019 жылдың қазан айының басында жоспарланған. Қазан айының ортасында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысында 30 000 га жерді игеріп, айналымға енгізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 30 000 гектар алқапта қант қызылшасын жеке және бірлесіп өсіру мақсатында жергілікті фермерлермен ынтымақтастық бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осы мақсаттар үшін 100 миллион долларға дейін суландыру және техника сатып алу жұмыстары жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Valmont және Lindsay International компаниясымен бірлесіп, 30 000 га жерді иггеру және оларды суландыру (сумен қамтамасыз ету) жоспары жасалуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 18:30, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 18:30, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 18:30

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: