Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мырзахметов ел мерейін үстем еткен балуандарды қабылдады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2019 01:54 Zakon.kz
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жақында ғана Токиода өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Елдос Сметовты қабылдады.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жақында ғана Токиода өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Елдос Сметовты қабылдады. Сондай-ақ облыс әкімінің қабылдауына Универсиада ойындарында Қазақстан тарихында дзюдодан тұңғыш алтынды иеленген М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Ғалымжан Қырықбай және қос балуанды баптаған Ғалымжан Жылгелдиев те болды.

Өңірдің абыройын асқақ етіп, елдің намысын қорғай білген спортшылармен кездесуде өңір басшысы тәуелсіздік үшін күресте талай апайтөс батырларымыздың арда жанын құрбан еткенін тілге тиек етті. Сәйкесінше қазақ қанына біткен бұл қайсарлық пен қаһармандықты бүгінде саңлақ спортшылар әлемдік аренада көк тудың биік желбірету арқылы дәлелдеп жүр. Ал елдің абыройын биік еткен спортшылардың жеңісі өңір тұрғындарын шаттық бөлейтіні анық. Өз қабылдауына келген дзюдо спортынан биік шыңдарды бағындырып жүрген тұңғыш қазақ баласы жамбылдық Елдос Сметовке Асқар Исабекұлы келер жылы Токио төрінде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектес екенін жеткізді. Өз кезегінде Е.Сметов те облыс әкіміне Токиода өткен әлем чемпионатындағы кездесулері жайында баяндады.

Айта кетейік, дзюдошы Елдос Сметов Токиода өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Әлемдік бәсекенің үшінші орыны үшін болған белдесуде Токиодағы татами төріне қос жерлесіміз қатар шықты. Оған дейінге белдесулерін Елдос Сметов кувейттік Саод Аламириді, италяндық Эльиос Манзиді, Иемен палуаны Али Хоусровты жарыс жолынан шығарды. Алайда Елдостың жолы ширек финалда жапониялық Ружу Нагаямамен түйісті. Токио татамиіндегі бұл белдесуде Елдос жарыс қожайынынан айласын асыра алмады. Осылайша даңқты жамбылдық балуанның әлем біріншілігінде жүлдесіз қалу қаупі туындады. Есесіне Елдос өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жібермей жұбаныш белдесуінде тайпейлік Янг Юнг Уэйден иппон ұпайымен басым түсті.

Жалпы Токиода түндігін түрген дзюдодан әлем чемпионатында жер жаһанның төрт тарапынан 900-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. Олардың ішінде 16 дзюдошы Токио татамиінде аянбай тер төгіп, көк туды көкте желбіретуге күш салып жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2019 01:54

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: