Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық келіншекті үш әріптің адамымын деп бір ер адам зорлап жүрген

www.facebook.com/NeMolchiKZ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 22:41 www.facebook.com/NeMolchiKZ
Психологиялық қысым мен зорлық-зомбылыққа шыдамаған келіншек басынан өткен жайтты бір күні ата-анасына айтып берген. Одан кейін бұл туралы үкіметтік емес ұйымдарға, одан соң полицияға белгілі болды.

Алматыда бір келіншекті өзін ҰҚК офицерімін деп таныстырған ер адам қорқытып, зорлап жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

#НеМолчиKZ қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова зардап шегуші ҰҚК өкілін Әуезов аудандық полиция бөлімінің алдында кездестіріп, танысқанын айтады.

Ол тергеушіге уақытша қамауға алынған азаматтық күйеуімен кездесуге және оны уақытша босатуды сұрауға барған, өйткені ол некесін заңдастырмақ болыпты, ал ол үшін қос жұп АХАЖ-ға баруы тиіс. Олар бір жылдан астам уақыт бірге тұрған, енді үйленбек болып жүргенде күйеу жігіт істі болып, тергеу изоляторынан бір-ақ шыққан.

Сол кезде аудандық полиция бөлімі алдында қасына бір ер адам жақындап, "ҰҚК қызметкерімін, саған көмектесе аламын" деп келіншекті алдап пәтеріне ертіп апарып, сол арада зорлаған.

"Осыдан кейін ол "сен енді мендіксің, мен саған қалаған кезімде келіп тұрамын, маған бала туып бересің" деп айтқан. Сөйткен ер адам келіншекті ешқайда жібергісі келмей, "азаматтық некедегі күйеуіңді ұмыт, әйтпесе оған ана жақта қиын болады" деп қорқытқан. Одан кейін ер адам оны көптен бері аңдып жүргенін айтып, оның дәлелі ретінде телефонынан аудиожазбаларды көрсеткен. Егер мені тыңдамасаң, осы дәлелдермен бірге сені де күйеуімен қоса соттайды, жертөлеге апарып ҰҚК тергейді деп мәлімдеген.

Келіншек өте сүйкімді, ол экономист оқуын оқыған, бір компанияда экономист-менеджер болып жұмыс істейді. Ата-анасымен, бірінші некеден туған екі баласымен тұрады. 90-жылдары қыздарды осылай бопсалап, зорлаған шығар, ал қазіргі кезде оның белең алуы, әрине жабайылық. Істерін істеп алған ер адам оны үйіне жібергенмен, телефон қоңырауы мен хабарламаларына жауап беріп отыруын талап еткен", деп жазады Дина Смаилова.

Осы жағдай тағы да қайталанған. Сондықтан қыздың ата-анасы полицияға арызданған.

"Бұл әйелдің азаматтық күйеуі бірнеше қылмыс бойынша жауапқа тартылды. Осы кезде ол өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған Э. деген азаматпен танысып, күйеуінің мәселесін шешуге көмектеседі деп сенген. Ал іс жүзінде ол адамның құқық қорғау органына ешқандай қатысы жоқ. Алдап, бопсалап, қорқыту арқылы ол әйелді еркінен тыс бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсуге көндірген. Психологиялық қысым мен зорлық-зомбылыққа шыдамаған келіншек басынан өткен жайтты бір күні ата-анасына айтып берген. Одан кейін бұл туралы үкіметтік емес ұйымдарға, одан соң бізге белгілі болды. Жәбірленушінің арызы Алмалы аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің жеке басы бірден анықталды, ол ұсталып, қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары - полиция полковнигі Санжар Әділов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: