Жаңалықтар тізбегі
0

Орталық Азия елдері гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің ортақ стратегиясын әзірлеуде

Конференция, Алматы, Орталық Азия, гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, стратегия , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 18:51 Сурет: Telegram/Madeniet_aqparat_ministrligi
Орталық Азия елдері аймақтық гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша ортақ стратегия әзірлеуде. Бұл туралы Алматыда өткен гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орталық Азия Альянсының конференциясы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 1 шілдеде Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметі аталған іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген делегациялар мен сарапшылары  қатысқанын хабарлады

"Осы жылы біз Орталық Азия өңірінде гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша айтарлықтай өзгерістерді көріп отырмыз", - деп атап өтті Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы Кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Дина Амришева.

Қазақстанда биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықты, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты, буллинг пен кибербуллингті қатаңдату және криминализациялау бойынша үлкен заңнамалық реформа жасалды. Реформа шеңберінде отбасын қолдау орталықтарының қызметі трансформацияланды: отбасы мәселелерін шешу бойынша кейс-менеджмент енгізілді, әрбір орталықта мониторинг үшін мобильді топтар құрылды.

Конференция аясында ер адамдар мен ұл балалардың гендерлік теңдікті ілгерілетуге, қыздар мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күреске тартуға арналған панельдік пікірталас өтті. Сондай-ақ қатысушылар Альянс Ережесінің жобасын талқылап, аймақтық еларалық қатынастағы ұйымның рөлін сөз етті.

Айта кетсек, гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орталық Азия Альянсы – гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күресте барлық мүдделі серіктестердің күш-жігерін біріктіретін аймақтық алаң. Альянс 2023 жылы БҰҰ мен Еуропалық Одақтың бірлескен "Жарық сәулесі" бастамасының аймақтық бағдарламасы шеңберінде, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы мен ҚР МАМ, ҚР СІМ қолдауымен құрылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: