"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" әлеуметтік науқаны
Гендерлік зорлық-зомбылық адам құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзу болып табылады және әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамдарға ұзақ мерзімді зардап туғызады. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, бүгінде әлемде жыныстық зорлық-зомбылықтан 1,3 миллиард адам зардап шегеді және әрбір үшінші әйел өмірінде зорлық-зомбылық көреді. Бұл деректер гендерлік зорлық-зомбылық біздің заманымыздағы ең жүйелі және кең таралған адам құқықтары бұзушылықтарының бірі екеніне дәлел. Деструктивті гендерлік стереотиптер, гендерлік теңсіздік және патриархалдық құрылымдар зорлық-зомбылыққа ықпал етеді. Біз бәріміз жынысына, нәсіліне, этностық және ұлттық тегіне, дініне немесе басқа мәртебесіне қарамастан тең қарым-қатынас жасауға құқығымыз бар.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" әлеуметтік науқанына қатысуды жоспарлап отырған мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің кездесуі өтті. Осы ұйымдардың ішінде қазіргі қазақстандық қоғамда отбасы құндылықтарын сақтау, отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі де бар.
Айта кетсек, "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциясы аясында ақпараттық-түсіндіру әңгімелерін ұйымдастырумен және бүктемелер мен парақшалар таратумен бірқатар кездесулер, қоғамдық қабылдау, көшпелі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.