Жаңалықтар тізбегі
0

Қарттар күніне орай елорда зейнеткерлері 7950 теңгеден әлеуметтік көмек алады

Біржолғы әлеуметтік төлем, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 20:22 Сурет: Михеев/Zakon.kz
Қарттар күніне орай елорда зейнеткерлері біржолғы әлеуметтік көмек алады. Астана қаласы әкімдігінің нақтылауынша, бұл төлемдер 3 қазанға дейін жүзеге асырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарттар күніне орай елордада 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

1 қазан - Қарттар күніне орай жасы бойынша 91 672 зейнеткерге және зейнеткерлік жастағы адамдарға зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылар қатарынан 2,5 АЕК (7 950 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Төлемдердің жалпы сомасы 730 млн теңгені құрайды.

Төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын жасына байланысты зейнетақы алушыларға жүргізіледі.

Айта кету керек, төлемдер 3 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: