Астана күніне орай бәйге өтті
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана күніне орай «Қазанат» атшабарында «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, елорданың 24 жылдық мерейтойына арнап өткізілген бұл республикалық бәйгеде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық облыстарынан 150-ден астам сәйгүлік бақ сынады.
Әкімдік таратқан мәлімет бойынша, Жжарыстың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңге болды. Бәйге ұшқыр бәйге (1 400 және 2 400 метр), құнан бәйге (7 000 және 9 000 метр), кіші аламан (16 шақырым) және аламан бәйге (20 және 21 шақырым) сынды 7 түр бойынша өтті.
20 шақырымдық аламан бәйгеде кілең қазақ жылқысының тұқымынан бапталған 8 сәйгүлік жарыс жолына шығып, мәре сызығын Қостанай облысынан келген Мұрат Исмағамбетовтің Риба есімді тұлпары кесті.Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript