Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылда мемлекеттік рәміздер күніне орай форум өтті

Мемлекеттік рәміздер күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2022 21:07 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында ҚР мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Менің Қазақстаным!» атты форум өтті. Әуелете шырқалған Әнұранмен ашылған шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2022 21:07

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарымыз. Рәміздерді қастерлеу – біздің ортақ парызымыз. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының бейнесі. Осынау нышандарымыз төрімізден түспей, туымыздың тұғыры биік болсын! Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков Жамбыл өңірінің тумасы және ел мақтанышы. Өткен жылы тарихи тұлғаның есімі өзінің кіндік қаны тамған Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылына беріліп, ауыл маңында Мемлекеттік Ту-Тұғыры көтерілді. Бұл Мемлекеттік рәміз мен тұлғаға көрсетілген құрмет! Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, Еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын тілеймін! Аспан түсті Туымыз, асқақ Әнұранымыз, айбынды Елтаңбамыз бар еліміз мәңгі жасай берсін. Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітов

Арнайы іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2022 21:07

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы шара барысында бірқатар патриот азаматтарды марапаттады.

Мемлекеттік рәміздер күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2022 21:07

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан соң Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.

Мемлекеттік рәміздер күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2022 21:07

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұл күні Мемлекеттік рәміздер мерекесіне арналған арнайы авто-шеру ұйымдастырылды.

Форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2022 21:07

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: