Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда сауда үйлерін жармақ болған террорист жігіт ұсталды

ҚР ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 16:44 ҚР ҰҚК
Тінту кезінде одан атыс қаруы, қолдан жарылғыш зат даярлауға арналған қосалқы бөлшектер, үш сауда-ойын-сауық орталығының сызбасы, бетперде мен қолғап тәркіленді.

Алматыда теракт жасамақ болған ер адам сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Алматы қаласының Алмалы аудандық қылмыстық сотының ҚР азаматы А.Ж.Бітімбаевты 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімі заңды күшіне енді. Ол теракт жасауға дайындық, терроризмді насихаттау, діни араздықты қоздыратын және заңсыз атыс қаруын сақтау фактілері бойынша ұсталып, сотталды, деп хабарлады құзырлы органдағылар.

Сотталушы деструктивті діни идеологияның жақтаушысы және Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының қолдаушысы ретінде ҰҚК-нің назарына іліккен.

Оқи отырыңыз: Шұғыл! Алматыда ең ірі сауда орталығы қоршауға алынды

Тексеру кезінде оның теракті жасауға дайындалып жүргені анықталды. Оған Интернет желісіндегі DАИШ-тың көп адам жиналатын жерде жарылғыш заттарды қолдана отырып, теракт жасау турасындағы ақпараттар әсер еткен.

- Ол теракт жасаған соң Сирияға қашып, шетелдік содырлардың қатарына қосылуды және террористік әрекеттерді жалғастыруды көздеген. Бітімбаевтың ойға алған бұл жоспарын бұзу үшін, осы жылдың сәуір айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен оны Алматыда ұстады. Тінту кезінде атыс қаруы, қолдан жарылғыш зат даярлауға арналған қосалқы бөлшектер, үш сауда-ойын-сауық орталығының сызбасы, бетперде мен қолғап тәркіленді, деп хабарлады ҰҚК.

Бітімбаевтың кінәсі куәгерлердің куәлігімен, заттай және басқа да дәлелдемелермен толықтай дәлелденді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: