Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мамин араб шейхтеріне Қазақстан аумағында құс аулауға рұқсат берді

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сурет : 29palms.ru11 Қазан 2019, 16:03

Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде ҚР Үкіметінің "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңына сәйкес қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылғы 10 қазан – 15 қараша кезеңінде Біріккен Араб Әмірліктерінің үш шейхіне, Қатардың бір шейхіне Қазақстан қорықтарында дуадаққа өз ителгілерімен саятшылық құруға рұқсат берілді.

Жек дуадақтың бір дарағын аулау ақысының мөлшерлемесі 260 АЕК мөлшерінде белгіленген.

1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 43 (қырық үш) дарақ жек дуадаққа және Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 90 (тоқсан) дарақ жек дуадаққа;

2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 43 (қырық үш) дарақ жек дуадаққа;

3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 43 (қырық үш) дарақ жек дуадаққа;

4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниге (Қатар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында 27 (жиырма жеті) дарақ жек дуадаққа және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 30 (отыз) дарақ жек дуадаққа өз ителгілерімен саятшылық құруға рұқсат берілсін, - делінген қаулы мәтінінде.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдеріне осы іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсету тапсырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер