Жаңалықтар тізбегі
0

Бішімбаевтың мерзімінен бұрын неге босатылғаны белгілі болды

BNews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 23:46 BNews.kz
Бұған дейін Бішімбаев ҚР Президентінен кешірім сұрап, хат жазған.

ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шығуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін 2019 жылдың 25 қыркүйегінде Шымкент қаласының Абай аудандық соты қарағанын айтты. Сот өтінішті қанағаттандырды. Сот шешімі 2019 жылдың 11 қазанында өз күшіне енді.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бұған дейін Бішімбаевтың ҚР Президентінен кешірім сұрап, хат жазғанын хабарлайды.

- Бішімбаев Мемлекет басшысына кешірім сұрап, өтініш хат жолдаған, оның өтініші 2019 жылдың ақпан айында жазасын қысқарту түрінде қанағаттандырылды, - деп хабарлады құзырлы органдағылар.

Олар шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қарау кезінде бас бостандығынан айыру кезінде болған орынның сотталушыға берген мінездемесі, шығынды төлеуі, кінәсін мойындауы және бас бостандығынан айыру жазасын одан әрі өтеудің қажеті жоқ екендігін көрсететін басқа да жағдайлар ескерілетінін айтты.

- Бішімбаев кінәсін толықтай мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сот тағайындаған талап-шығын өтелді. Жазасын өтеу кезеңінде Бішімбаев жақсы жақтарынан көрінді және мәдени шараларға белсенді қатысты, - деп түсіндірді ҚАЖК-дағылар.

Жазаның өтелмеген қалған мерзімі бойында ол пробациялық бақылауда болады.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат 2017 жылдың 10 қаңтарында пайда болды. Аса шулы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 23 адамның ісі қаралған, оның ішінде экс-министрдің бір бауыры болған. Бір кездегі жоғары лауазымды шенеунік Қызылордада шыны зауытының құрылысы кезінде 1 миллиард теңге жымқырды және бірнеше рет пара алу дерегі бойынша айыпты деп танылды.

2018 жылдың наурызында ол 10 жылға сотталды.

2018 жылдың желтоқсанында Бишімбаев қоныс-колониясына ауыстыру туралы өтініш берді. Бірақ сот өтінішті ішінара қанағаттандырған – 2019 жылдың қаңтарында ол жазасын өтеуге Шымкент қаласындағы ИЧ-167/3 мекемесіне ауыстырылған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: