Ақмолада күйеуінің ақшасын әйелі жымқырып жүрген
Ашық дереккөздерден алынды
Ұры кешірім сұрап, хат қалдырған.
Ақмолада күйеулерін тонаған екі әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап, КТК телеарнасы.
"Шілденің 29-да Целиноград ауданы Новоишимка ауылының 40 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз адам үйіне кіріп, сейфтегі 250 мың теңгесін алып кеткенін айтты. Жедел іздестіру шарасы кезінде ұры - 29 жастағы келіншек, зардап шегушінің азаматтық некеде болған бұрынғы әйелі екені анықталды", - деп айтты ведомстводан.
Бұған дейін 7 шілдеде Целиноград ауданы Талапкер ауылының 38 жастағы тұрғын арызданып, пластикалық терезені бұзып кірген беймәлім біреу 300 мың теңге ақшасын үптеп кеткенін айтқан болатын.
"Бұл жолы зардап шегушіге хат келген. Онда ұры кешірім сұрап, ұрланған ақшаны екі аптаның ішінде қайтаратынын айтып, уәде еткен. Хаттың ішіне 10 мың теңге ақша салып жіберген. Полицияға қолжазбаны жазған адамды табу қиынға соқпады. Жедел іздестіру шарасы кезінде осы іс бойынша күдікті Талапкер ауылының 26 жастағы тұрғыны, зардап шегушінің әйелі екені анықталды", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз хатшысы.
Бірінші оқиғада ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрғандықтан, зардап шегуші істі тоқтатпау туралы арыз берсе, екінші жағдайда екеуі заңды некеде тұрғандықтан іс тоқтатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript