Дәленов "Жынымды келтірмеңізші" деген Жұманғарин туралы айтты
Kursiv.kz
Министрдің сөзінше, Жұманғарин кешірім сұрап, "переживать" етіп жүр.
ҚР Ұлттық экономикасының жаңа министрі Руслан Дәленов вице-министр Серік Жұманғариннің өткендегі "Жынымды келтірмеңізші" деген сөздеріне байланысты пікір білдіріп, ол кісінің өз ағаттығын мойындап, қазір уайымдап жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
«Ол кешірім сұрады. Ол әрине, уайымдауда», – деді ол.
Оның сөзінше, кез-келген мемлекеттік қызметкерлердің «жөнсіз» сөйлеуіне жол берілмеуі керек.
«Журналистер, БАҚ өкілдері сұрақтарды бекерден қоймайды, олардың қоятын сұрақтары біздің халқымыздың көкейіндегі сұрақтар екенін түсінеміз. Біз үлкен құрметпен қараймыз», – деді ол.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript