Жаңалықтар тізбегі
0

Енді ренжітпеймін: Төреғали даулы оқиғадан кейін өзінің қатты өзгеріп кеткенін айтты

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 22:45 stan.kz
Көзі мұңға толған өнер иесі шын пейілімен елден кешірім сұрап, ақ ниетін білдірді.

Павлодардағы даулы оқиғадан кейін Төреғали Төреәлі жарты жылдай ел алдына шыққан жоқ. Алайда осы уақыт аралығында әншінің жеке өмірінде де, шығармашылығында да бірталай жаңалықтар орын алды. Үшінші рет қызды болған Төреш біраз уақыт шетелде болып келді. Бірнеше әнін халыққа ұсынып, ендігі кино түсіруге кірісіп кетті. Төреш 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сұхбат беріп, Павлодардағы даулы оқиғадан кейін өзінің қатты өзгергенін мойындады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Әнші алдағы арман-мақсаттары жайлы ашық айтты.

“Менде арман, мақсат көп. Идея да көп. Бірақ бір нәрсеге қатып қалған кезім болған емес. Мен жалпы танымалдылыққа ие боламын деп ойлаған адам емеспін. Instagram-да оқырманым көп болып кетеді деп те ойламағам. Тек өссем халықпен бірге өсіп, елмен бірге күн көргенді жақсы көремін. Халқым қандай күй кешіп жатыр, сол өмір жетеді маған. Ең бастысы, оларға көңіл-күй сыйлау. Жамандаса да, әңгіме қылса да, мені қыла берсе екен. Біз соның құрбаны бола берсек. Өнердегі жалпы мақсат – көрерменнің көңілін қалдырып алмау. Халық деген сөз, Әл-Халиқ деген Алланың бір есімі екен. Халықтың разылығы – Алланың да разылығы шығар. Кешірім сұраймын, енді ренжітпеймін бұйырса”, – деп ағынан жарылды Төреғали.

Сұхбат барысында Төреғалидің қатты өзгергені байқалып тұрды. Көзі мұңға толған өнер иесі шын пейілімен елден кешірім сұрап, ақ ниетін білдірді. Павлодардағы оқиғадан кейін әр сәтін бағалай бастағанын да жасырмады.

“Бәрін жақсы көріп кеттім, бұрын да жақсы көргем, одан сайын арта түсті. Әрбір сәтімді бағалай бастадым. Бұрын жиын, концерттер, кештер өтетін-кететін. Есте де қалмайды. Ал қазір әр секундын сезініп, ауасын жұтып, далада жүрмін. Енді мен қандаймын, халық мені солай көруі керек емес екен. Халық қалай қаласа, хан түйесін сояды дегендей, мен солай болуым керек екен. Соны түсіндім. Бір жағынан, еркелік шығар. Мен әжемнің баласы болдым. Әжем немере-шөберелерінің ішінен мені қатты жақсы көрді. Мүмкін балалық, мүмкін шалалық. Пенде болған соң, неше түрлі болады ғой”, – деді Төреғали.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: