Жаңалықтар тізбегі
0

Бақыт Шадаева қатты ауырып тұрса да өнер көрсетуге мәжбүр болғанын айтты

Әлеуметтік желі Сурет: Instagram/bakhyt_shadayeva
Танымал әнші Бақыт Шадаева қатты ауырып тұрса да өнер көрсетуге мәжбүр болғанын айтты. Өнер иесі Алматыда жол бойындағы дәмханалардың бірінен тамақтанып, астан қатты ұшынған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматыда жол бойындағы дәмханадан ас ішкен едік. Біз Алматы-Алакөл бағытында 600 шақырым жол жүрдік. Діттеген жерге жеткенде құрбым екеуіміз жолдағы дәмханадан ішкен астан уланғанымызды білдік. Қызым тек сусын алғандықтан, оны Құдай сақтады. Үш күн бойы диареямен ауырдым. Саяхаттап жүріп, дәріхана табу да оңай емес. Дәрігердің бақылауынсыз не ішу керектігін де білмедім. Достарыма ауыртпалық салғым келмеді. Біз жүрген жерімізде концерт береміз. Сахнаға шығар алдында ішім қатты ауырды. Асқазаным ауырғанына қарамастан, ән айтуға тура келді. Үрей болды. Адамдар күткендіктен, әнімді орындап шықтым. Бірақ көңілім толмады. Мазасыздандым. Сіздерден де жолда ас ішкенде абай болуларыңызды сұраймын", – деп жазды Бақыт Шадаева Instagram-дағы парақшасында. 

Айта кетсек, алдында "Kesh You" тобында болған әнші өнермен қош айтысқанын мойындағанын хабарлаған болатынбыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз