Жаңалықтар тізбегі
0

Кедейлердің кредит алуына тыйым салынады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 16:47 Zakon.kz
2019 жылдың басынан бері жеке тұлғалардың тұтынушылық несиелері 17,4% артып, 3,9 трлн теңгеге жетті.

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев халықтың қарыздық жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін бірқатар шаралар әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Жыл соңына дейін қарызының кешіктірілуі 90 күннен асқан тұтынушылық несиелерге айыппұлдар, комиссиялар және басқа төлемдер қосуға тыйым салу, табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салу және табысы төмен азаматтарға кепілдіксіз тұтынушылық несиелер бермеуге бағытталған шаралар қабылданады, - деді ол.

Бұл – халықтың борыштық жүктемесінің бақылаусыз өсуіне байланысты туындайтын жүйелі тәуекелдерді шектеу мақсатында қабылданатын шара екен.

Сонымен бірге, Досаев 2019 жылдың сәуір-тамыз аралығында банк секторының несие портфелі 6%-ға өскенін айтты.

- Жыл басынан бері өсім 1% құрады, бұл ең алдымен жеке тұлғалардың несие портфелінің 16%-ға, 6,2 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында жұмыс істемейтін несиелік қарыздарды есептен шығару арқасында заңды тұлғаларға берілген несие көлемі 9,2%-ға азайып, 7,1 трлн теңгеге дейін төмендеді. Тамыз айының қорытындысы бойынша ұзақ мерзімді несиелер 11,3 трлн теңгені, қысқа мерзімді несиелер 1,9 трлн теңгені құрады, - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, бизнеске берілетін теңгелік несиелер бойынша мөлшерлеме өткен жылдың тамызындағы 12,2%-бен салыстырғанда 11,9%-ға дейін төмендеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: