Сайлау бойынша сауалнама жүргізгендерге айыппұл салынады

VistaNews.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2019 18:18 VistaNews.ru
Жеке тұлғалардың сауалнама жүргізетін құқығы жоқ. Бірақ жекелеген БАҚ-тардың мұндай сауалнама жүргізетіні байқалады.

Алдағы президенттік сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалнамасын тек кемінде бес жыл жұмыс істеген заңды тұлғалар ғана өз жұмысы туралы ОСК-на алдын-ала ескерту арқылы өткізе алады. Қалған сауалнаманың бәрі заң бұзушылық болып саналады. Бұл туралы 8 мамырда ОСК отырысында ҚР бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Сауалнама жүргізу құқығы тек заңды тұлғаларға берілген, жеке тұлғалардың мұндай құқығы жоқ. Бірақ жекелеген БАҚ-тардың мұндай сауалнама жүргізетіні байқалады. Олар бойынша да әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қарастырылатын болды, – деген Дембаев мысал ретінде сауалнама жариялаған басылымдардың бірін көрсетті.

Нәтижесінде басылым иесіне қарсы әкімшілік іс қозғалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: