"ҚазАвтоЖол" филиалының директоры парамен ұсталды

14 Қазан 2019, 12:10
Сурет: Zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ЖШС директорынан республикалық маңызы бар Р-26 "Омск-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі" автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу жүргізуді сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 2 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?