Директор сұрап, мұғалім мектепке жұмысқа тұру үшін 150 мың теңге пара берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 17:33 zakon.kz
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Өнер Мектебінің директорына пара алды деген айып тағылды.

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Өнер мектебі" ҚМКМ директорына қатысты жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қолөнер оқытушысын жұмысқа орналастырғаны үшін 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: