Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда құбыр жарылып, көшені ыстық су басты

Жарақат алып, зардап шеккендер жоқ.

Сурет : куәгерлер түсірген14 Қазан 2019, 15:15

Алматыда Бөкейханова көшесінде құбыр жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Райымбек даңғылы мен Бөкейханова көшесінің қиылысында құбыр жарылды. Адамдар көліктердің үстіне немесе биік жерлерге шығып, бас сауғалауда. Бұл ауданда су беру тоқтатылып, далаға аққан суды сорып алып жатыр. Бұл аудандағы адамдар кешке дейін ыстық судан қағылды.

"Алматы жылу желілері" баспасөз қызметінің хабарлауынша, құбыр 1971 жылы салынған, әбден тозғандықтан ол жарылған.

Үш көлік ыстық судың астында қалды. Ол көліктің иелері енді жылу желісіне хабарласып, сақтандыру төлемін ала алады.

Жарақат алып, зардап шеккендер жоқ.

14 қазанда сағат 12:27 уақытында қалалық төтенше жағдайлар бөліміне Бөкейханов пен Райымбек көшелерінің қилысында ыстық су атқылап жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Апаттың алдын алу үшін Орталық қамсыздандыру ауданы және "АлТС" ЖШС-нің Апатқа қарсы қызметінің жеке құрамы аттанды. Залалды жою үшін 9 техника және 6 бригада (18 адам) жұмылдырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер