Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Шыдамадым...". Желідегі атышулы видео Шымкент зертханасында түсіріліпті

Құзырлы органдардың жасаған қортындысы жалпы Шымкент медицинасының жағдайы мен болашағын айқындамақ. Егер былықтар расталса, онда талай лауазымды дәрігерлер орнынан ғана емес, бас бостандығынан да айрылуы бек мүмкін.

Сурет : видеодан алынды15 Қазан 2019, 09:23

Шымкенттегі клиникалық балалар ауруханасы үлкен жанжалдың ортасында қалғалы тұр. Зертханада жұмыс істейтін екі қызметкер біраз былықтың бетін ашып, оны видеоға түсіріп, желіге жүктеген, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Видеодағы екі келіншек бір жылдан бері Асардағы клиникалық балалар ауруханасының зертханасында жұмыс істейді. Бірі – зертханашы дәрігер, екіншісі – фельдшер. Олардың айтуларынша, зертханада талдаулар қоқысқа тасталып, қорытындыға тек ойға келген цифрлар жазылады. Ал бұл зертханаға бір аурухана емес, қаладағы көп емханалар да анализ тапсырады екен. Бірақ аурухана басшылығы мен Денсаулық сақтау басқармасы мұны мойындаған жоқ", - дейді телеарна тілшісі.

Раушан Төрегелдиева, лаборант дәрігер:

- Қаланың барлық емханалары шартқа отырады. Олар бізге анализ жасап беруге ақша аударады. Қорытындысына келгенде жалған ақпаратты Юнусходжаева Нигора қолдан жазып беріп отырған. Тексеру ешқашан болған емес, анализ істелінбеген.

Зертханашылар тағы бір сұмдықтың бетін ашпаққа бекінді. Яғни, талдауға қажетті қымбат препараттар осы зертханада сатылады дейді. Шетелден келінетін реактивтердің мерзімі өтсе, мұндағылар оның этикеткасын қырып, жаңа мерзімді өздері қоя беретін көрінеді.

- Қырып жатырсыңдар ма? Қырып, сосын қайта жабыстырасыңдар жаңадан, иә? Мерзімі кеткенді, солай ма? Тек бұларға қайтадан жаңа мерзімі жабыстырады. Бұлардың бәрінің мерзімі өтіп кеткен. Былтыр да сөйтіп жабыстырып едік қой, иә?

Былықты видеоға түсірдік дегендердің сөзінше, бастарына қара бұлт осыдан кейін үйіріліпті. Басшылық тарапынан қысым басталған.

Гүлнар Сәрсенбаева, лаборант фельдшер:

- Менің де бала-шағам бар. Маған да жұмыс керек. Бірақ, айтуға мәжбүр болдым. Ана жерде көрсеңіз, мысалы, білмеймін, жантүршігерлік деп ойлаймын, шыдамадым. Неге десеңіз, ол жерде түрлі науқастар да бар.

Аталмыш мәселе бойынша Денсаулық сақтау басқармасындағы жиынға екі зертханашыны жақтағандар да, оларға қарсы әріптестері де түгел келіпті. Бірақ зертхана басшылығы ешбір айыптауды мойындаған жоқ. Мәселені тексеруді бастаған басқарма басшысы да мұны "арандату" деп отыр.

Асхан Байдуалиев, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бұл қасақана жағдайды өршіту деп санаймын. Видеоларды мұқият қарап шықтық. Ол жерде мерзімі өткен препараттарды көрсеткен. Бірақ, ол препараттар біздің тізімде мүлдем жоқ. Оның үстіне былтырдан бері былық болып жатса, аурухана басшылығына немесе басқармаға келіп айтса болады ғой. Сондықтан мәселені ушықтыру арқылы біреуге қара күйе жағу керек болған шығар.

Қазір зертханашылардың айтып-көрсеткен мәселесін Денсаулық сақтау басқармасы тексеріп жатыр. Олар бұл іске прокуратураны да қосыпты. Құзырлы органдардың жасаған қортындысы жалпы Шымкент медицинасының жағдайы мен болашағын айқындамақ. Егер былықтар расталса, онда талай лауазымды дәрігерлер орнынан ғана емес, бостандығынан да айрылуы бек мүмкін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер