Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан өз жемқорларын өзіне қайтаруға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 14:56 видеодан кадр
Қазақстан ұйым құрамына кірген 50-ші мемлекет.

Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (GRECO) кіру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қол қою рәсімі Страсбургте өтті. ГРЕКО 20 жыл бұрын Еуропа кеңесінің бастамасымен құрылған. Негізгі міндеттері - сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу мен анықтау бойынша тәжірибе алмасу және оған қарсы күрес әдістерін жақсарту. Қазақстан ұйым құрамына кірген 50-ші мемлекет. Мүшелік ету арқасында еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ең үздік еуропалық тәжірибелерді енгізе алады.

Алик Шпекбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Біріншіден, енді біз осы келісімді ратификация жасауға тиістіміз. Мүмкіндік болса, жылдың аяғына дейін. Одан кейін ендігі жылы біз енді мына Еуропа кеңесінің конвенциялары бар - қылмыстық жауапкершілік сыбайлас жемқорлық үшін. Соған кіргеннен кейін біздің одан да жоғары мүмкіндіктеріміз болады. Ең біріншіден, бізге мүмкіндік болады құқықтық қолдау көрсету, көмек көрсету дегендей. Екіншіден, мына қылмыскерлерді қайтару және мына жымқырған қаражаттарды тағы орнына, мемлекетке қайтару дегендей.

Джанлука Эспозито, GRECO атқарушы хатшысы:

- Мен Қазақстанның ГРЕКО келісіміне қол қоюын қолдаймын. Соның нәтижесінде елдеріңіз ұйымның толыққанды мүшесі ретінде тағы бір қадам алға басты. Тәжірибе алмасу тараптардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетін арттыруға өз септігін тигізеді. Бұл Қазақстан үшін де, Еуропа кеңесі үшін де тиімді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: