Жаңалықтар тізбегі
0

"Путиннің бұлбұлы" Соловьевқа қарсы петицияға қол қойылуда

kremlinrus.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2019 15:14 kremlinrus.ru
Журналист енді шетелдің азаматтығын алуға ешқашан ешқандай құжат тапсырған жоқпын деп тайқып шықты.

Ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьевке Италия азаматтығы берілмеуін талап еткен петицияға әзірге 50 мың адам қол қойды. Change.org сайтында итальян тілінде жарияланған үндеуді діндар-эмигрант, отец Сергий жасады, деп жазады Lenta.ru.

Ол италиялықтарды "Ресей Геббельсіне" Италия азаматтығын бермеуге"шақырды. Петиция мәтінінде Соловьевтің үгіт-насихаты үшін алған ақшасына Комо көлінің жанынан екі вилла сатып алып, өмірін сонда өткізгісі келетіні айтылады.

- Біз сіздерден осы бір пропогандисті өз еліңізге жолатпауды сұраймыз. Сіздердің қоғамыңызға да зиянын тигізіп жүрмесін, - деп жазады Сергий.

Оның айтуынша, тележүргізушіні "Магнитский тізіміне" енгізу керек, ол тізімдегілерге Ресейде адам құқықтарын бұзуға қатысқаны үшін санкция қарастырылған және ЕО мен АҚШ-қа кіруіне тыйым салынады. Петиция Италия билігіне, оның ішінде Комо провинциясының билігіне арналған.

Кейінірек Соловьев НСН-ге петиция авторы пайдаланған тіл "дін қызметкерінің тілі емес" деп мәлімдеді. Журналист енді шетелдің азаматтығын алуға ешқашан ешқандай құжат тапсырған жоқпын деп тайқып шықты.

- Мен КСРО азаматы болып тудым, сосын Ресей азаматы атандым - солай болып қала беремін, - деді Соловьев.

22 шілдеде оппозиционер Алексей Навальный Соловьевтің құжатының фотосын жариялады. Оған сенсек, Соловьев пен оның бес баласы Италияда тұруға рұқсат алған. 2017 жылы Соловьевтің Италиядағы Комо көлі жағасынан бір вилла сатып алған туралы хабарланды. Ал құны миллион евродан асатын екінші вилласы бар екені 2019 жылдың қаңтарында ашылды.

Тележүргізуші Италияда жылжымайтын мүлкі бар екенін мойындап, өз байлығын ешқашан жасырмайтынын атқан. Оның сөзінше, "Италияның виллалары Рублевкадағы үйлерден арзан".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: