Жаңалықтар тізбегі
0

Міндетті екпеге қарсы петицияға 150 мыңнан астам адам қол қойған

GETTY IMAGES, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2020 17:39 GETTY IMAGES
Көптеген азаматтар вакциналардың пайдасынан гөрі зияны көп деп санайды. Ал эпидемиологтар мен дәрігерлер әлгі тұжырымды теріске шығарады.

Қазақстанның кейбір азаматтары міндеттелген вакцинацияға қарсы петицияға қол қоюға белсенді түрде атсалысып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Вакцина адам өміріне шынымен де қауіпті ме? Екпесіз өмір сүру мүмкін бе? Немесе вакцина салынбаса қоғам қандай күйге түседі?

Ирина Абразумова егіз ұлдың анасы. Ирина талайға дейін бала көтере алмай, отбасы сәбилі болуды зарыға күткен. Мақсаттарына жетіп, бірнеше жыл бұрын дүниеге егіз ұл келді. Балаларының денсаулығын ойлаған олар жоспарлы екпе алған екен. Алайда, бір жарым аптадан кейін анасы балалары үшін уайымдай бастайды. Себебі олардың дамуы тоқтап қалған. Ата-анасы дереу дәрігерге жүгініп, мән-жайды білуге асығады.

Ирина Абразумова, қала тұрғыны:

– Дәрігерлер мұның себебі екпе емес. бір жасар баланың сөйлемеуі де мүмкін деді. Менің сұрақтарыма жауап беруден бас тартып, тайып тұрды. Егіздің сыңары уақыт өте келе қалпына келді.

Ал екіншісі мүгедек болып қалды, енді арнайы құжат рәсімдеу қажет болды, дейді Ирина.

Ирина Абразумова, қала тұрғыны:

– Кейбір дәрігерлер балаларымның осындай күйге түскені вакцинаның зияны дейді. Тіпті сотқа беруге кеңес берді. Бірақ ешкім оны жазбаша жазған жоқ. Біз сізге ештеңе жазбаймыз, өйткені жұмыстан айырылудан қорқамыз, деді әлгі дәрігерлер.

Иә, дәл осындай екпеден ауыр халге түскен тағы бір отбасы бар. Сәбиге вакцина жасалғаннан кейін арада 7 күн өтіп, оның жағдайы нашарлаған. Ақыры оңалмай, шетінеп кетті. Баласынан айырылған Марина Шаймаханова міндетті вакцинацияға қарсы петиция жасаған. Оның тоғыз айлық қызы екпені көтере алмаған.

Марина Шаймаханова, петицияның авторы:

– Гистологияда жүрекке, миға, бауырға, қанға және барлық өмірлік маңызды органдарға әсер ететіндігі туралы жазылды. Яғни, қанға вирус жұққан. Ал вакцинаны баланың иммунитеті жеңе алмаса, онда барлық органға зақым келтіруі мүмкін.

Петицияға қазірдің өзінде 150 мыңнан астам қазақстандық қол қойды. ФАКТЧЕК.KZ редакциясы екпе жайлы жалған фактті тексеріп, арнайы зерттеу жасаған болатын. Олар ақпараттың көпшілігі шындыққа жанаспайтынын айтты. Алайда, көптеген азаматтар вакциналардың пайдасынан гөрі зияны көп деп санайды. Ал эпидемиологтар мен дәрігерлер әлгі тұжырымды теріске шығарады.

Нұршай Әзімбаева, ДЗСҰО инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы:

– Егілген адамдар осы инфекцияға қарсы егілмеген адамдарға қарағанда инфекцияның түрі жеңіл және асқынусыз өтеді.

Александр Шинкаренко, халықаралық медицина орталығының директоры:

– Таңдауды тек өзіміз жасаймыз. Ешкім вакцина 100% қауіпсіз деп айтпайды. Дегенмен, мен екпенің қауіпсіз екеніне кәміл сенемін. Бірақ жанама әсер де кездесуі мүмкін.

Александр Шинкаренко он жылдан астам уақыт отбасылық дәрігер болып жұмыс істейді. Ол америкалық клиникада қызмет еткен. Өз тәжірибесінде екпеден жапа шеккендер жоқ дейді ол. Дегенмен, кейде адамдар сәбиі жайсыз сезінсе немесе ауруға шалдықса екпенің әсері деп қабылдайды.

Александр Шинкаренко, халықаралық медицина орталығының директоры:

– Менің тәжірибемде мынадай оқиға тіркелді. Мен бір балаға екпе салдым, содан кейін оған есекжем шыққан. Ата-анасы келіп, бұл вакцинаның салдарынан ба деп сұрады. Шын мәнінде өзара байланысы жоқ. Есекжем екпесіз де шығуы мүмкін. Ата-аналардың өз пайымы бар. Екпеден кейін сәбилері қандай да күйге түссе оның әсері деп түсінеді. Себебі сап-сау баланың екпе салғаннан кейін дертке ұшыруын кездейсоқтық деп қабылдай салмайды ғой.

Марина Шаймаханова, петицияның авторы:

– БЦЖ вакцинасы негізінен лимфаденит, лимфа түйіндері қабынады. Мысалы, АКДС вакцинасынан аутизм болады. Белгілі бір вакцинадан белгілі бір диагноз қойылады. Менің ойымша, бұл сәйкестік емес.

Нұршай Әзімбаева, ДЗСҰО инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы:

– Қолайсыз көрініс тіркелген адамдар бар. Бірақ көп жағдайда вакцинация уақытымен өзінің ауруы сәйкес келіп қалатыны анықталып отыр. Яғни, ауру екпе жасалмаған күнде де сол уақытта дамитыны вакцинацияға байланысты емес екені анықталып жатады.

Александр Шинкаренко, халықаралық медицина орталығының директоры:

– Егер асқыну пайда болса, онда әп-сәтте зерттеу қажет. Біз барлығын екпенің салдарынан деп нық сеніммен айтамыз. Дегенмен, статистикаға жүгініп, мұндай келеңсіз оқиға жиі болса, онда бұл кездейсоқтық емес.

Дәрігерлердің айтуынша, егер екпе салынбаған балалардың саны артса, онда жоғарғы вирустық ахуал вакцина алған адамдардың да иммунитетін бұзады. Тіпті жүздеген, мыңдаған адамның өміріне әсер етіп, өлімге ұшыратуы мүмкін.

Александр Шинкаренко, халықаралық медицина орталығының директоры:

– Әрине, әрбір адам өз таңдауын жасауға құқылы. Бірақ екпе алмаған адамдар, басқаларға қауіп төндіреді.

Әрине, әр ата-ана баласы үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, оның денсаулығын жанын салып қорғайды. Өйткені өзегін жарып шыққан сәбиінің болашағы олар үшін маңызды. Екпе салу ол да қажеттілік. Кілтипан қай тұста? Осыны екшеу керек. Мемлекеттік қадағалау орындары келетін вакциналар сапасына мән беріп, оның сапалы екеніне кепіл болуы тиіс. Ата-аналардың жан айқайы негізсіз емес деген сарапшы пікірі соны меңзейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: