Жаңалықтар тізбегі
0

"Таптық!". Семейде 23 жыл бұрын жоғалған баланың ағасы әкімнен көмек сұрады

отбасылық мұрағаттан алынған, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2019 15:52 отбасылық мұрағаттан алынған
5 жасар ұл бала 1996 жылы Семейдегі балалар шипажайы маңынан жоғалған.

5 жасында 1996 жылы Семей қаласында жоғалған баланы тауып алғанын, оның өзгерген қазіргі аты-жөніне дейін айтып әкімге кірген ер адам бұл іске құқық құрылымы адамдарының араласуын сұраған. Бұл туралы "Экспресс-К" газеті жазады.

Бес жасар Ержан Сүйінжанов 1996 жылдың жазында Семей маңындағы "Сосна" балалар шипажайы аумағында жоғалып кеткен. Ол кезде баланы іздеуге полиция ғана емес, әскерилер де, жүздеген еріктілер де тайлы-тұяғы қалмай жұмылдырылған. Қарағайлы орманнан бастап көршілес Павлодар облысының шекарасына дейін, итпен де баланы іздеп, көкке тікұшақ та көтерілген. Алайда бала тесікке түсіп кеткендей ізім-қайым жоқ, ешкім таппай қалған.

Осы уақыт ішінде баланың ағасы Даниал Сүйінжанов оны үнемі іздеп, өз күдерін бір сәтке үзбеген. Ер адам өзінің жиенін әдейі біреулердің ұрлап кеткеніне, ол бейтаныс отбасында тәрбиеленіп, бүгінде басқа қалада, басқа аты-жөнмен тұратынына сенімді. Ол жүгінген барлық балшы-балгерлер баланы өлілер қатарынан көрмейтінін айтып келген. Жуырда ол Мәскеудегі ең мықты көріпкелде болып келіпті. Көріпкел ер адамға жиенінің жаңа төлқұжатындағы мәліметтермен бірге оның ықтималды тұрғылықты жерін де атапты. Бұл туралы ер адам қала әкімінің қабылдауында болғанда айтқан.

Оның аты-жөні - Дамир Алиев, ол Новосібір қаласында тұрады, Алтай өлкесіндегі университетті бітіріп, екі тілде жақсы сөйлейді және Қазақстанға арасында бірнеше рет келіпті.

Қабылдауға қатысқан қалалық полиция бөлімінің басшылығы бұл ақпаратты зерттеп, соған қатысты Ресейдегі әріптестеріне ресми сұрау жіберуге уәде берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: