Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында 1300-ден астам автобус жүргізушісі ереже бұзды

gorodnsk63.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2019 22:58 gorodnsk63.ru
"Автобус" алдын алу іс-шарасы 10 қазанда басталып, 8 күнге жалғасады.

"Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының полицейлері қоғамдық көліктің жол ережесін бұзуының 1306 дерегін анықтады", - деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес тәртіп сақшылары қоғамдық көлік тізгініндегі жүргізушілердің жол қауіпсіздігін сақтауын басты назарға алған. Бір апта ішінде жылдамдық асырған 90 автобус жауапқа тартылса, қозғалыс кезінде телефон пайдаланған 190 жүргізушіге хаттама толтырылды. Сонымен қатар, қоғамдық көлікті заңсыз жабдықтаудың 82 дерегі әшкереленді.

"Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген республикалық іс-шара барысында алкогольдік немесе есірткіге мас күйде 3 жүргізуші ұсталды. Жол қозғалысының қарсы бағытына шығып кеткен 3 жүргізуші заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. 84 көлікті пайдалануға тыйым салынды. Жыл басынан бері 316 жол-көлік апаты автобус жүргізушілерінің кесірінен орын алып, 50 адам қаза болған. 550 астам адам әртүрлі дене жарақатын алды", - деп толықтырды тәртіп сақшылары.

"Автобус" алдын алу іс-шарасы 10 қазанда басталып, 8 күнге жалғасады. Жол қауіпсіздігі мен жүргізушілердің жұмыс және демалыс уақыттарын бақылайтын арнайы шара қоғамдық көліктермен болатын жол апаттарының алдын алуға бағытталып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: