Жаңалықтар тізбегі
0

Көпбалалы аналар шулап, атаулы көмек беру неге тоқтатылғаны белгілі болды

Алматы ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 15:33 Алматы ТВ
Көпбалалы аналар алдында шыққан құзырлы өкіл атаулы көмектің кешігіп жатуын комиссия есеп-қисапты тексеріп үлгере алмай жатқандығымен түсіндірді. Оның айтуынша, кейбір заңсыздықтар анықталған соң, барлық көпбалалы аналардың әлеуметтік жағдайы қайтадан тексеріліп, атаулы көмек ақша беру уақытша тоқтатылған.

Алматы облысында "Әлеуметтік жәрдемақымызды заңсыз тоқтатып тастады" деген көпбалалы аналар көшеге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың көпшілігі тамыздан бері мемлекеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыны ала алмай келеді. Оның үстіне ешкім жәрдемақыны беру не үшін тоқтатылғанын ашып айтпаған. Көпбалалы аналар осыған ашулы.

Әлия Маратова жеті баланы тәрбиелеп отыр. "Алтын алқа" иегері көппен бірге сәуір айынан бастап мемлекет тарапынан берілген атаулы әлеуметтік көмекті алып келді. Бірақ, тамыз айында белгісіз себептермен қаражаттың берілуі тоқтатылған. Неге берілмей жатыр деп сұрап барғанда, бірнеше рет сылтау айтып қайтарып жіберіпті. Тіпті, үйіме тексеріп те келмеді дейді ашулы ана.

"Тамыздың аяғында түскен жоқ. Қыркүйектің 10-ы түседі деді Жұмыспен қамту орталығындағылар, солардың сөзіне сеніп қалдым. Айтылған кезде барсам, "үйіңізді тексеруге уақыт жоқ, сурете түсіріп жібере саласыз ба?" дейді", - деді көпбалалы ана Әлия Маратова.

Әлиядан басқа бірнеше ананың да айтары осы. Мемлекеттің көмегінен қағылдық деген олар бүгін аудандық әкімшілік алдына жиналып, ақиқат сұрады. Олардың айтуынша, атаулы көмекті бермеу үшін әрнәрсені бір сылтауратады дейді. Тіпті, жолдасының жұмыстағы жалақысы қысқарып қалса да, күдіктеніп тоқтатып тастаған.

"Көбейіп тоқтаса, менің ренішім жоқ еді. Ал, бірақ азайып кеткен. Үйімді барып көріп кетті. Суретке түсіріп алып кетті. Мұқтаж деп жазып кетті. Бірақ әлі түспей жатыр", - деді көпбалалы ана Ғалия Алмабекова.

Әкімдік алдына жиналған аналарды аудан әкімінің орынбасары өзі қабылдап, әрбірінің айтарын уәжін жеке тыңдап шықты.

- Белгілісі, аудан бойынша көктемнен бастап берілген көмекті 4 мыңнан аса отбасы алған. Бірнеше заңсыздық анықталғандықтан тамыз айынан бастап мыңға жуығын қайта тексерген. Тексеру барысында жартысы жалақысын жасырған, тұрақты тіркеуін ауыстырған деген секілді бірнеше заңсыздықтар анықталып көмек беру тоқтатылды, - дейді жұмыспен қамту орталығындағылар.

Ал, құжаттарында кінәрат жоқтарына ақша міндетті түрде беріледі деп уәде етті.

"Қараша мен желтоқсанға ақша есептеліп жатыр. Ақша бар, ол жетпейді. Біз облыстан сұрадық. Қазіргі таңда энергетик округпенен Байсерке округі, Ащыбұлақ округі бітірілмей жатыр. Учаскелік комиссияның қорытындысын шығара алмай жатырмын. Қанша адам мұқтаж, қанша адам мұқжат еместігін дәлелдей алмай жатырмыз. Сол себептен сіздерге айттым, шамалы күтіңіздер. Бірақ ақшаның барлығын қарашаның 10-ына дейін түседі, - деді Алматы облысы Іле ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жанар Сатыбалдиева.

Қыстың алдында көмірсіз қаламыз ба деген ашулы аналарды сабырға шақырған әкімдіктегілер қарашада құжаттардың барлығы реттеліп, тамыздан бергі ақшасын да бірге түсіреміз деп сендірді. Осы сынды байбалам орын алмас үшін мамандар енді аудан-ауданды аралап түсіндірме жұмыстарын бастамақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: