Алматы тұрғындарының өтінішімен 92-ші бағытқа "гармошка" автобустар шығады

Жаңа көліктер осы демалыс күндері бағыт бойынша жолға шығады.
Түрксіб, Алмалы және Әуезов ауданы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №92 бағыт 12 метрлі 20 жаңа автобустармен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, аталған бағыт 100% жаңаратын болады.
Автобустар мемлекеттік тіркеуден өтті, Оңай қондырғысы қойылды, енді жаңа көліктер осы демалыс күндері бағыт бойынша жолға шығады.
Барлық көліктер төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар.
Бөлісу
0
Толық оқу