Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бағыттар бойынша тағы 460-тан астам жаңа автобустар жолға шығады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2019 20:11 Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа жылжымалы состав Евро-5 экологиялық стандартына сай.

Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы составты жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда. Биылғы жылы тасымалдаушылар тағы 460-тан астам жаңа автобустар алуды жоспарлауда. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Жаңа жылжымалы состав Евро-5 экологиялық стандартқа сай және кондиционерлермен, видеобақылау, камераларымен, пандустармен жабдықталған. Қалада жыл басынан бері қарай №65, №60, №14 ең тығыз бағыттар бойынша 125 жаңа автобус жолаушы тасымалдауда.

Айта кетерлігі, қала автобус паркінің 80%-ға жаңаруына қолма-қол ақысыз төлем жасайтын «Оңай» жүйесін енгізу арқасында қолжетті. Егер бұрындары автопарктер бюджет қаржысы есебінен жаңарса, ал қазір тасымалдаушылар өз қаржыларын инвестициялауға ммүкіндік беретін ашық нарықтық механизмді ұтымды қолдануда.

- Жалпы, Алматыда көлік реформасы аясында екі жыл ішінде ғана қаланың автобус паркі 80%-дан астамға жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі жұмыс істей бастады, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі стансасының құрылысы жалғасуда және LRT қолға алынды, - делінген хабарламада.

Бұлардан өзге,15 сәуірден бастап қалада 120-дан астам көшені орташа жөндеу басталады, қаланың 14 ықшам ауданындағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады. Ең бастысы, жөндеу жұмыстары қоғамдық көліктің жүру кестесі мен бағыт қозғалысына кері әсерін тигізбейді. Кептелісті болдырмау үшін жолды толық жабу тек түн мезгілінде ғана жүргізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: