Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Түркістан облысында көпірлер күрделі жөндеуден өтуде

Бүгінгі таңда, бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін 11 көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленген.

Сурет : Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі18 Қазан 2019, 17:12

Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 412 көпір орналасқан. Қазіргі таңда көпірлердің техникалық жағдайына қарай жөндеуді қажет ететін көпірлерге сметалық құжаттамалар әзірленіп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін 11 көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленген.

Ағымдағы жылы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 5 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылы мен Жұлдыз елді мекенін қосатын көпір; Сарыағаш ауданы, Ақжар елді мекеніндегі көпір; Шардара ауданы, Көксу ауылындағы көпір; Келес ауданы, Ошақты ауылындағы көпір; Кентау қаласы, Теке ауылындағы көпір.
Жоғарыда аталған 5 көпірдің 2-інде (Сарыағаш ауданы, Ақжар елді мекеніндегі, Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылы мен Жұлдыз елді мекенін қосатын) жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған 3 көпірдің жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.

Алдағы уақытта көпірлерді жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер