Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында егісті алқапты жаңбырлатып суару әдісі қоланылатын болады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 15:56 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгінгі таңда бөлінген 200 гектар жердің тең жартысынан астамы жыртылып, өңделген.

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы "Түркістан агро" инвестициялық жобасы аясында облыста егісті алқапты жаңбырлатып суаруға мүмкіндік беретін машина трактор станциясы құрылуда.

Осы мақсатта АҚШ-нан 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған. Жалпы құны 1,5 млрд теңгеге жуық қыруар жұмыс "Қазагрофинанс" АҚ -ның тарапынан лизингілік шарт негізінде несиелендірілуде. Жаңа суару әдісінің арқасында тіпті диқандардың өз күштерімен игере алмай жүрген бос жатқан жерлері тиімді пайдаланылатын болады. Жаңбырлатып суару әдісі болашақта киелі Түркістан өлкесінің көгалдандырылуымен жаңа микроклиматтың қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Әзірге бұл жұмыс түрі облыс орталығынан 12 шақырым жерде орналасқан Шаға ауылынан бастау алмақ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 15:56

Бүгінгі таңда бөлінген 200 гектар жердің тең жартысынан астамы жыртылып, өңделген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 15:56

Дәнді-дақылдардың ұрығын жеткізуді "Қазақ егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты"ЖШС жүзеге асыруға дайын. Аталған институт кейіннен барлық агротехникалық іс-шараларға қолдау көрсететін болады. Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен етек жайғалы отырған машина станциясының тиімді тұстары көп.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 15:56

Техникалық қызмет көрсетуде қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Әрі қауіпсіз. Энергия көзі ретінде дизель генераторы қолданылады. Ең бастысы – экономикалық тиімді. Жаңбырлатып суару әдісінің арқасында арықпен суарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналатын көрінеді. Қазіргі таңда жобаны қолдап, басы-қасында жұмысқа етене араласа іске асырып жүрген "Ақ жол" ЖШС мен "Түркістан" ӘӨК" АҚ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 15:56

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: