Жаңалықтар тізбегі
0

Ашынған көкшетаулық ұстаз өздеріне қатысты бүкіл шындықты жайып салды

assembly.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 23:58 assembly.kz
Мұғалімнің жалақысын өсірдік дей ме, бос сөз. Мен 38 жыл білім саласында жұмыс істеймін, алатын айлығым - 80 мың теңге.

Әлеуметтік желіде көкшетаулық тарих пәнінің мұғалімі Әлия Ахетова ұстаздардың ішінде жүрген "қырық жылғы" қыжылды сыртқа шығарып, мұғалімдердің бүгінгі шынайы жай-күйін ашып айтқан видеосы пайда болып, ол бір тәулік ішінде 1,2 млн көрсетілім жинап үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Қағазбастылықты жою дей ме, кешіріңіз, соны айтқалы қағазбастылық миллион есе көбейді. Мұғалім өз ақшасына принтер, қағаз сатып алуға мәжбүр, өйткені тақтаға бормен жазуға болмайды қазір. Мұғалімнің жалақысын өсірдік дей ме, бос сөз. Мен 38 жыл білім саласында жұмыс істеймін, алатын айлығым - 80 мың теңге. Оны жоғарлату үшін емтиханнан өтуім керек екен. Өтпей қалдым, содан жалақым көтерілмеді. Келген сұрақты көрсеңіз, маған айтады теологиядан емтихан тапсырғансыз ба деп, жоқ тарихтан дедім. Сұрақтың өзі түсініксіз ана арада. Сол бір сұраққа жауап бермегенім үшін менің айлығым өспеді. Түсінесіз бе? Одан бөлек қаншама сөз естідім сол үшін. Қалай қорландым мен. Неге қорлайды өтілі жоғары ұстазды, еңбек мерзімін ескер де көтер жалақысын! Мынаның барлығының не қажеті бар? Келесі жыл өтесіз емтиханнан дейді. Бармаймын мен келесі жылы. Өйтіп қорланып, намыстанып өлгенше, 80 мың теңгемді алып жүре берейін. Мен секілділер көп сондай. Дәрігерлердікін көтердік дейді, өткенде сұрадым, қосқаны 3-4 мың теңге, ал біздікі одан да аз шығар...

Өткенде әкімдікке жиналысқа бардым, басқарушы партия өкілінің сөзін тыңдадық. Ол арада ұстаз мәртебесі, тағы басқасы талқыланған жоқ. Бәрі жәй есеп үшін, бізде бәрі солай...

Ұстаздарға қатысты шындықты төменгі видеодан толығырақ біле аласыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: