Еңбек жағдайлары мен жалақы бойынша өзгеріске қатысты нені білген жөн

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін, 2025 жылғы 12 мамырда жұмыс беруші өз бетімен еңбек жағдайлары мен жұмысшының жалақысын өзгерте алатын-алмайтындығына қатысты толыққанды мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Данияр Балтабай атап өткендей, еңбек жағдайларына мыналар жатады:
- нормалар және еңбекақы төлеу жүйесі,
- еңбек міндеттерін орындау,
- жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимі,
- кәсіптер мен лауазымдарды қоса атқару тәртібі,
- уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау,
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету,
- тараптардың келісімі бойынша айқындалған өзге де еңбек жағдайлары.
"Қайта ұйымдастыру, экономикалық немесе технологиялық процестердің өзгеруіне, еңбекті ұйымдастыру жағдайларына немесе жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты кәсіпорындарда өзгерістер болған жағдайда еңбек жағдайларының өзгеруі мүмкін. Мұндай өзгерістер еңбек шартына міндетті түрде енгізілуі тиіс. Бұл ретте қызметкер өз мамандығы немесе біліктілігіне сәйкес келетін мамандығы бойынша жұмысын жалғастырады", - деп түсіндірді ол.
Спикердің айтуынша, еңбек шартына кез келген өзгерістер немесе толықтырулар, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру бойынша жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда да рәсімделеді.
"Егер еңбек немесе ұжымдық шартта өзге мерзімдер көрсетілмесе, жұмыс беруші қызметкерге еңбек жағдайларының өзгергені туралы өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн үшінде алдын да ала хабарлауға міндетті", – деп атап өтті Данияр Балтабай.
Бұған дейін Түркістан облысының прокурорлары 253 жұмысшының еңбек құқықтарын қорғағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript